Темекі өндірісі құри ма?

Темекі өндірісі құри ма?

Өткенде қоғамдық орындарда шылым шегуге тыйым салынғанын естідік. Соған қарап жұрт «енді темекі өндірісі құритын шығар» деп қуанып жүр. Шынында да, осы заңнан кімге пайда, кімге зиян?Азат ҚОНЫСБАЕВ, Өскемен

Пайдасы өзіңізге белгілі. Ал зиянына келсек, тәуелсіз сарапшылардың пікірінше, осы тыйым ең алдымен шағын және орта бизнеске кесірін тигізетін сияқты. Жаңа заң бойынша, темекі өнімдерін балаларға арналған тауарлармен қосып сатуға тыйым салынған. Сондай-ақ өзін-өзі қызмет көрсету дүкендерінде де темекі сатуға рұқсат жоқ. Сол себепті ұсақ дүңгіршектер мен дүкендер шығынға ұшырайды деген қауіп бар. Өйткені олардың негізгі табысы темекі өнімдерінен түсетін көрінеді.

Ал темекі бизнесіне жаңа заңның әсері шамалы болмақ. Жаңа талаптарға сәйкес, қораптың сыртындағы жазудың 40 пайызы шылым шегудің зияны мен 18 жасқа толмағандарға темекі сатуға тыйым салу туралы ақпарат болуы тиіс. Сондықтан компаниялар қораптың сыртына өзгеріс енгізіп, техникалық жарақтандыруға ғана шығындалатын болар.

Еске түсірсек, биылғы жылдың 9 қазанынан бастап елімізде білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде, кинотеатр, мұражай, түнгі клуб, дискотека, тұрғын үй подъездерінде темекі тартуға тыйым салынған еді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста