Тәуелсіздік алғалы қанша Олимпиада чемпионы шықты?
Тәуелсіздігімізге қол жеткізгелі біздің елден қанша Олимпиада чемпионы шықты? Қысқы және жазғы Олимпиада ойындарын қосқанда қанша алтын алдық екен?
Әнуар Нұрмағамбетов, Қарағанды облысы
Еліміз Тәуелсіздігіне қол жеткізгелі алты Ақ Олимпиадаға және алты жазғы Олимпиада ойындарына қатысты. Бірақ осының 10-ына егеменді ел ретінде қатысып, алғашқы екеуіне (Альбервиль-92 және Барселона-92) ТМД-ның біріккен командасы құрамында қатыстық. Себебі Кеңес үкіметі ыдырап, әр мемелекет тәуелсіздігін жариялап, дербес шаңырақ көтере бастағанда 1992 жыл есіктен аттап, КСРО құрамындағы 15 елдің спорттық ведомстволары өз мәртебелерін бекітіп үлгермеген болатын.
Жалпы, осы 12 Олимпиада ойындарынан Қазақстан спортшылары 18 алтын олжалады. Оның 17-сіне жазғы Олимпиада ойындарынада қол жеткізсек, Ақ Олимпиададан әзірше бір-ақ алтын еншіледік.
ТМД-ның біріккен командасы сапында:
1. Ирина Герлиц (Барселона-92, баскетбол);
Егеменді қазақ елінің Олимпиада чемпиондары:
1. Владимир Смирнов (Лиллехаммер-94, шаңғы жарысы),
2. Юрий Мельниченко (Атланта-96, грек-рим күресі),
3. Александр Парыгин (Атланта-96, қазіргі бессайыс),
4. Василий Жиров (Атланта-96, бокс),
5. Ольга Шишигина (Сидней-2000, жеңіл атлетика),
6. Бекзат Саттарханов (Сидней-2000, бокс),
7. Ермахан Ибраимов (Сидней-2000, бокс),
8. Бақтияр Артаев (Афины-04, бокс),
9. Илья Ильин (Бейжің-08, ауыр атлетика),
10. Бақыт Сәрсекбаев (Бейжің-08, бокс)
11. Александр Винокуров (Лондон-2010, велоспорт),
12. Зульфия Чиншанло (Лондон-2012, ауыр атлетика),
13. Майя Манеза (Лондон-2012, ауыр атлетика),
14. Светлана Подобедова (Лондон-2012, ауыр атлетика),
15. Илья Ильин (Лондон-2012, ауыр атлетика),
16. Ольга Рыпакова (Лондон-2012, ауыр атлетика),
17. Серік Сәпиев (Лондон-2012, бокс).