Тарауих намазы қай кезде оқылады?
Ораза кезінде тарауих намазы оқылуы тиіс дейді. Ол дәл қай уақытта оқылады және қандай мағына береді?
Ермек МҰҚАТАЕВ, Қызылорда облысы
Тарауих – тынығу, демалу, рахаттану деген мағынаны білдіреді. Ол Ұлы Жаратушының өз рақымынан тарту еткен, тек Рамазан айына ғана тән құтпан намазынан кейін, яғни ауызашардан кейін оқылатын 20 рәкәттік намаздың атауы. Ораза кезінде тарауих намазын оқу – сүннет.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) әуелде бұл намазды жамағатпен оқыса да, кейіннен парыз намазға баламасын деген сақтықпен жалғыз оқи бастаған. Әйтсе де исламның ертедегі алтын ғасырынан бері тарауих намазы мешіттерде жамағатпен бірге оқылып келе жатқан сүннет. Хазірет Омар ислам үмбетінің бірлігін қалыптастыру ниетімен тарауих намазын мешітте жамағатпен оқуды әмір еткен. Бұған сахабалардың ешқайсысының қарсылық көрсетпеуі хазірет Омардың бұл ісінің жаңалық емес, Пайғамбарымыздан үйренген амал екенін көрсетеді. Сауабы мен ғибадаты мол тарауих намазы рухқа азық беріп, пендені дүниенің қауырт тіршілігінен алшақтатып, ішкі жан дүниесіне кең тыныс сыйлайды.