Тұрмысқа шыққан қыз балалы болғанда оған қуанып алдымен қыздың анасы келеді, бұл әрбір қыздың анасына міндет.
Мұны әрбір қазақ әйелі білуге тиісті. Анасы қызына сүйініп аналық ақылын айтып, баланың тәрбиесін, қалай күтуін түсіндіреді. Құда-құдағиының қуанышына ортақтасады. Балаға деген жасауын әкеледі. Қызы босанғанда анасының келуі, ана болған қызын көруі – ертеден келе жатқан дәстүр. Мұны «сүйіндір» деп атайды.
asylsoz.kz