Мен бір компанияда құрылысшыларды басқарамын. Жұмысымыз өте ауыр болғандықтан, қызметкерлердің қауіпсіздігі үшін қатты алаңдаймын. Өндірісте түрлі жағдай болып жатады. Сұрайын дегенім, кімде-кім травматикалык шок алған кезде қандай алғашқы жәрдем берілуі керек?
Қайрат, Алматы қаласы
Құтқарушы мамандардың айтуынша, негізінен, травматикалык шок күйік не жарақат түрінде болады. Мұндай жағдайда зардап шеккен адамды ақырындап арқасымен, ал құсқысы келсе, бір қырымен жатқызған дұрыс. Дем алысын, жүрек соғысының жұмыс істеп тұрғанын қарау қажет. Егер дұрыс демалмаса, реанимацияға көшкен абзал. Қанды тоқтатып, сынған жері болса, жылдам қалпына келтіру қажет. Ал тыйым салынған нәрселерге келер болсақ: ауруды қауіпсіздігі сақталмаған затпен тасуға, күйіктен соң денеге жабысып қалған киімді шешуге, ішінің ауырғанына байланысты су сұраған аурудың өтінішін орындауға болмайды.
Шок алған адамға қандай көмек көрсеткен жөн?
Последние статьи автора