Біздің Конституциямыз бойынша шетел азаматтарына қойылатын құқықтық шектеулер бар ма? Олардың азаматтық құқығы Қазақстан азаматтарының құқығымен теңестірілген бе?
Еңлік Нұрбол, Астана
Еліміздегі шетел немесе әлі азаматтық алмаған азаматтар Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығындай құқықты пайдалана алады. Десек те, Конституция шеңберінде оларға қойылатын кейбір шектеулер бар. Мысалы, шетел азаматтары мемлекеттік билік органдарын сайлай алмайды және оған сайлана да алмайды, әскери міндет атқармайды, Қазақстан аумағында еркін жүріп-тұра алмайды, саяси мақсаттарды көздейтін қоғамдық бірлестіктер құруға қақы жоқ. Олар ҚР Конституциясын құрметтеуге міндетті, Қазақстан аумағында тұру және орын ауыстыру үшін рұқсат алуға міндетті. Егер де бұл талаптарды бұзса, жауапкершілікке (әкімшілік және қылмыстық) тартылуы мүмкін. Ал енді мемлекетіміздегі дипломаттардың құқықтық жағдайы халықаралық ережелер арқылы реттеліп отырады.
Шетел азаматтарына қойылатын құқықтық шектеулер бар ма?
Последние статьи автора