Мен бала күтіміне байланысты бір жылдан артық уақыт ақысыз демалыста болдым.
Айхан Мамырбекова, Көкшетау қаласы
Еңбек кодексінің 105-бабына байланысты қызметкерге жұмыс iстеген бiрiншi және келесi жылдары үшiн жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы тараптардың келiсiмi бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында берiледi. Және де жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша бөліктерге бөлінуі мүмкін.
Сонымен бірге кодекстің 107-бабы бойынша:
1. Қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын берудiң кезектiлiгi еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушi қызметкерлердiң пiкiрiн ескере отырып бекiтетiн демалыс кестесiнде белгiленедi.
2. Демалыс кестелерi өндiрiстiк қажеттiлiкке байланысты өзгертiлген жағдайда, жұмыс берушi бұл туралы қызметкерге еңбек демалысы басталардан кемiнде екi апта бұрын хабарлауға мiндеттi.
Кодекстің 239-бабына байланысты мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге лауазымдық жалақысы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі. Азаматтық қызметшілерге сауықтыруға арналған жәрдемақы күнтізбелік жылда бір рет төленеді.