Биыл оқуды бітіріп, мемлекеттік мекемеге жұмысқа орналастым. Менің білгім келгені, еңбек демалысын қанша уақыт жұмыс істеген соң алуға болады? Сауықтыру жәрдемақысы кез келген мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне беріле ме?
Ерсін ЖҮРСІНБЕКОВ, Алматы облысы
Сарапшы маманның айтуынша, ҚР Еңбек кодексінің 105-бабына сәйкес, қызметкерге жұмыс iстеген бiрiншi және келесi жылдары үшiн жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы тараптардың келiсiмi бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында берiледi. Сонымен бірге кодекстің 107-бабы бойынша қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын берудiң кезектiлiгi еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушi қызметкерлердiң пiкiрiн ескере отырып бекiтетiн демалыс кестесiнде белгiленедi. Демалыс кестелерi өндiрiстiк қажеттiлiкке байланысты өзгертiлген жағдайда жұмыс берушi бұл туралы қызметкерге еңбек демалысы басталардан кемiнде екi апта бұрын хабарлауға мiндеттi.
Кодекстің 239-бабына сәйкес, мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын азаматтық қызметшiлерге лауазымдық жалақысы мөлшерiнде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтiзбелiк 30 күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берiледi. Азаматтық қызметшiлерге сауықтыруға арналған жәрдемақы күнтiзбелiк жылда бiр рет төленедi.
Кодекстің 1-бабында азаматтық қызметшi – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қазыналық кәсiпорындарда, мемлекеттiк мекемелерде ақылы штаттық лауазымда iстейтiн және олардың мiндеттерi мен функцияларын iске асыру және мемлекеттiк органдарға техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыру мен олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық өкiлеттiктердi жүзеге асыратын адам деп белгіленген.
Сауықтыру ақысы мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің бәріне беріле ме?
Последние статьи автора