Сауықтыру ақысы кімдерге төленеді?

Сауықтыру ақысы кімдерге төленеді?

Мен мемлекеттік балабақшада бас есепші болып қызмет атқарам. Менің нақты білгім келгені, сауықтыру ақысы кімге төленеді, кімге төленбейді?
Айдана Ниязова,
Жамбыл облысы

Еңбекті нормалау және ең­бекке ақы тө­леу бас­қар­ма­сы­ның са­рап­шы ма­ман­да­рының мағ­лұ­ма­тын­ша, ҚР Еңбек ко­дексінің 239-бабына сәйкес, мемлекеттiк бюд­жет есебiнен ұсталатын аза­маттық қыз­­мет­шi­лерге лауа­зым­дық  жалақысы мөл­­­шерiнде сауық­­ты­руға ар­нал­ған жәр­демақы тө­лене оты­рып, ұзақ­тығы күн­тiз­белiк отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақылы еңбек де­ма­лысы берiледi. Аза­маттық қыз­мет­шi­лерге сауық­ты­ру­ға ар­налған жәр­­демақы күн­тiзбелiк жылда бiр рет төленедi.
Кодекстің 1-бабында аза­мат­тық қыз­мет­шi Қазақстан Рес­пуб­ли­касының заң­на­ма­сын­да бел­гi­ленген тәртiппен қазы­на­лық кә­­сiпорындарда, мем­ле­кет­тiк ме­ке­­мелерде ақылы штат­тық лауа­зымда iстейтiн және олардың мiн­дет­терi мен функ­цияларын iске асыру және мем­ле­кеттiк орган­дар­ға техникалық қызмет көр­сетудi жү­зе­ге асыру мен олардың жұмыс iс­теуiн қамтамасыз ету мақсатында лауа­зымдық өкiлет­тiктердi жүзеге асы­ратын адам деп белгіленген.
Азаматтық қызметшілер лауа­зым­дарының тізбесі Қазақстан Рес­публикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі №850-қау­­лы­сымен бе­кі­тіл­ген.
Осыған орай, жыл сайынғы ақы­­лы еңбек демалысы берiлген кезде лауазымдық жалақысы мөл­ше­­рiнде сауықтыруға арналған жәр­­демақы лауазымдары тізбеге ен­­гізілген қыз­мет­керлерге бері­ле­ді.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста