Сауықтыру ақысы кімдерге беріледі?

Сауықтыру ақысы кімдерге беріледі?

Мен кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде нұсқаушы болып жұмыс істеймін, G-10 категориясы бойынша жалақы аламын. Еңбек демалысына шыққанда маған сауықтыру ақысы төленуі тиіс пе? Жалпы сауықтыру ақысы кімдерге беріледі?
Салтанат Тұрарова,
Жамбыл облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасының сарапшы мама­ны­ның мәліметіне қарағанда, ҚР Еңбек кодексінің 239-бабына сәйкес, мемле­кет­тiк бюджет есебi­нен ұсталатын аза­мат­тық қызмет­шiлерге лауазымдық жа­ла­қысы мөлшерiнде сауықтыруға ар­налған жәр­демақы төлене отырып, ұзақ­тығы күнтiзбелiк отыз күннен кем бол­майтын жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берiледi. Азамат­тық қызмет­шiлерге сауықтыруға арналған жәр­демақы күнтiзбелiк жылда бiр рет төленедi.
Кодекстің 1-бабында азаматтық қызметшi Қазақстан Республика­сының заңнамасында белгiленген тәртiппен қазыналық кәсiпорын­дарда, мемлекет­тiк мекемелерде ақылы штаттық ла­уазымда iстейтiн және олардың мiндет­терi мен функцияларын iске асыру және мемлекеттiк органдарға техникалық қыз­мет көрсетудi жүзеге асыру мен олар­дың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақ­сатында лауазымдық өкiлет­тiктердi жү­зеге асыратын адам деп белгілен­ген.
Азаматтық қызметшілер лауа­зым­­да­рының тізбесі Қазақстан Рес­пуб­ликасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 850 қаулысымен бе­кітілген.
Осыған орай, жыл сайынғы ақы­лы еңбек демалысы берiлген кезде лауа­зымдық жалақысы мөлшерiнде сауықтыруға арналған жәрдемақы лауазымдары тізбеге енгізілген және ұйымның штатында тұрған қызмет­кер­лерге беріледі.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста