Сақтандыру құпиясы деген не?
Полис алуға барғанда «сақтандыру құпиясы» дегенді құлағым шалып қалды. Мұның мағынасы не?
Еркін Құлыбеков, Тараз
Сақтандыру құпиясы Азаматтық кодекстің 830-бабында қарастырылған. Бұл ұғымға сақтандыру сомасы, төленген сыйақы немесе сақтанушы және осы сақтандыру жағдайынан пайда көруші тұлғаға қатысты ақпараттар кіреді. Сақтандыру құпиясы үшінші тұлғаға сақтанушының жазбаша келісімі негізінде ғана айтылуы мүмкін. Компания қызметкерінің құпияны жария еткені дәлелденсе, сот оған 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға құқылы. (1 АЕК=1273 т). Алайда сақтандыру компаниясы өз жұмысын дұрыс атқара алмай, мәжбүрлеп тарату процесіне түссе, сақтандыру құпиясының күші жойылады. Мұндай құпия зейнетақы жинақтары, банк салымда-рына да қатысты. Яғни қаржы ұйымы қызметкерлері клиенттердің жеке есебі туралы деректерді жария етпеуі тиіс.