ШӘЙНЕК ІШІНЕ ҚАТҚАН ҚАҚТЫ ҚАЛАЙ КЕТІРУГЕ БОЛАДЫ?

Таңертеңнен шәугімді қосып жіберіп, су бұрқ етіп қайнаған соң ыстық шәйдан сораптап отырғанға не жетсін?! Шәй ішкенді жақсы көретін бізге ол досымыз сияқты, тым көп қолданамыз.

Көп қайната бергендіктен шәугімнің ішіне әппақ қақ тұра бастайды. Оны кейбірі қатып, қабырғасына жабысқан судың хлоры десе, кейбірі тұз дейді. Тіпті кейде шәугімді ашып, «осыған қайнаған су таза бола ма, жоқ па» деген ойға келесің. Әрине оны тазалау үшін біраз күш керек, не пышақпен, қырғышпен тырналайсың, не шәугімді еден үстіне соққылайсың. Бұл жағдайда толық тазалануы да екіталай.

Сіздерге шәугімнің ішінде тұрып қалған қақты тазалаудың бірнеше жолын ұсынамыз:

Шәугімнің көлеміне қарай 2/3 бөлігіне суық су құямыз, үстіне 10-15 гр. (2 литрлік шәугімге) лимон қышқылын (шырыны емес) себеміз. Шәугім қабырғаларындағы қақ ажырағанша 3-4 минут қайнатамыз. Астындағы отты өшіріп, суытып қоямыз. Лас суды төгіп, тағы да таза су құйып, лимон қышқылын сеуіп, тағы бір рет қайталаймыз. Шәугім тап-таза.
Егер шәугімнің ішіне қатқан қақ тым көп әрі нығыз болса, тазалауды 3 кезеңнен жүргіземіз.
Бірінші, шәугімнің 2/3 бөлігіне су құйып, 1 ас қасық ас содасын саламыз. Оны жарты сағат қайнатып, тұнба бар суды төгіп тастаймыз.

Бұдан кейін 1 пункттегі тәртіппен тазалауды қайталаймыз. Тек лимон қышқылынан 1 ас қасық қосып, суды 5-7 минут қайнату керек.

Соңында таза суға жарты стақан сірке суын (уксус) қосып, жарты сағат қайнатамыз.

Шәугімді тазалап болған соң ішіне таза суды қайнатып, төгіп тастауды ұмытпаңыз. Бөлменің терезелерін ашып, желдетіп алғаныңыз дұрыс. Себебі, тазалау барысында қоспалардың иісі бумен ауаға таралады.

Шәугімді тазалаудың басқа да түрлері бар. Ол құрамында лимон қышқылы бар «тазалағыш құралдардың» көмегімен жүзеге асады. «Тазалағыш құралдарға» Кока-кола, Спрайт сияқты сусындар жатады. Алдымен сусынның газын шығарып, шәугімнің жартысына дейін құйып, баяу отпен қайнат

reactor.inform.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста