Сіздерден өтінерім, үстіміздегі жылдың 16 желтоқсанында, яғни Тәуелсіздік күніне орай елде амнистия жариялана ма, жоқ па, соның анық-қанығын біліп берсеңіздер екен?
Әсем НҰРМОЛДИНА, Қарағанды қаласы
Құрметті Әсем, сіздің сауалыңызға қатысты құзырлы министрлік былай деп хабарлайды:
Бір айта кетерлігі, Қазақстан Республикасы Конституциясының (бұдан әрі – Конституция) 61-бабы 1-тармағына сәйкес, заң шығару бастамасы құқығы Республика Президентіне, Парламент депутаттарына, Үкіметке тиесілі және тек қана Мәжілісте жүзеге асырылады. Конституцияның 54-бабы 1-тармағы 6-тармақшасына сәйкес, Парламент палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі – Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы рақымшылық жасау мәселелерін шешеді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 76-бабының 2-тармағына сәйкес, ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасағандар мен қылмыстардың қауiптi немесе аса қауiптi қайталануы жағдайында жаза тағайындалған адамдарға рақымшылық жасау туралы акт қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Заңының 30-бабы 1-тармағына сәйкес барлық заңдар алдын ала жарияланатын болады. Демек, рақымшылық жасау туралы акт қабылданған жағдайда Қазақстан Республикасының барлық азаматтары оның мазмұнын баспасөз беттерінен оқи алады.
Рақымшылық жасала ма?
Последние статьи автора