Қыздарға кеңес: Бес жігіттен қашық бол

Қыздар сыңарын кездестіргенше қиялындағы ақ боз атты ханзадасын күтеді. Бір көрген жігітті жары ретінде елестетіп, қандай әке болатынын да ой елегінен өткізіп тастайтыны жасырын емес. Кездестірген жігіті талғамына отыз пайыз сәйкес келсе, "қалғанын өзім түзетіп аламын" деп ойлауы мүмкін. Қисығын түзетем деп, сындырып алмау үшін, қалай бар – солай қабылдаған жақсы.

Жүрекке әмір жүрмегенімен, ақылдың да бұйрығына құлақ түріп қойған дұрыс. Өз таңдауыңызға өмір бойы өкініп өткенше, жеті рет өлшеп, бір рет кесіңіз. Қандай жігіттерді түзеу қиын болады, кімдерден қашық жүреміз?

Ақшақұмар. Шаңырақтың иесі болғасын ер адам отбасы қамын, ақша табу жолын көбірек ойлағаны жөн, әрине. Бірақ шектен шықпасын. Ақшаның соңына түсіп, ол үшін бәріне баратын кісінің адамгершілігі аз болады. "Ең қымбат көлік аламын, ешкімде жоқ үй саламын" деп армандайтын емес, "Көп балам болып, солар үшін АДАЛ ақы тапсам" деп, өзін ақшадан биік ұстайтын жігітті таңдаңыздар.

Ойынқұмар. Букмекерлік кеңселерге барып бәс тігетіндер, құмар ойын ойнайтындар арасында маңдай терімен, адал жолмен келмеген ақша екі есе шығынға айналып, желге ұшып кететінін білетіндері де бар. Алайда олар өзін тоқтата алмайды. Бүгін Олимп-ке барса, ертең казиноға барады. Қарызға батып, ақыры аяғында әйелін де бәске тігіп жіберетіндер жоқ емес. Шағын отырысқа барғанда көпке қосылып, ақша тігіп карта ойнайтындар да берекені кетіреді. Мұндай қасиеті барын білсеңіз, жігіттен бірден бас тартқан дұрыс.

Темекі. Темекі шегетін жігітті таңдасаңыз, оның түтініне тұншыққан сіздің де ағзаңыз темекі шегетін адамның ағзасындай болады. Түтінге уланған бала да он екі мүшесі сау боп тууы неғайбыл. Сау туды деген күннің өзінде болашақ балаларыңыз да темекі шегетін болады деп есептей беріңіз. Себебі бала тәрбиесінде құрғақ сөз пайдаға аспайды, бала көргенін істейді. Жасөспірім шағында темекі шеге бастағанын байқап, тиым салғанда, "Зиян болса, әкем не үшін темекі шегеді?" десе, не деп жауап бересіз?..

Қызқұмар. Қыз көрсе жылтыңдап, көзі ойнақшып тұратын жігіт, әдетте, махаббатқа тұрақсыз болады. Иә, жай ғана сұлулыққа сүйсіну дерсіз, тартымды аруды көргенде қыз баласы да бұрылып қарайды дерсіз. Бірақ, жай ғана қарау мен қырындау екі бөлек. Сіз қызғанасыз, әрі ондай жігіт өзі де өте қызғаншақ болады. Орынсыз қызғаныштан ұрыс туады, ұрыс соңы жақсылықпен аяқталмайды. Сіздің көзіңізше өзге қызға көз салып отырған адаммен арадағы қарым-қатынас ұзаққа созыла қоймас.

Сыйы жоқ. Сіздің жасаған макияжыңыз, дүкенші қайтарып берген майда тиын, пісірген тамағыңыз қалай жасалғаны – бәрі-бәріне жігіт егжей-тегжейлі араласып отыратын болса, бұл – ұсақшылдық. Ондай қасиет еркек деген атына сызат түсіреді. Ер адамға тән ірілікті көре алмаған соң, жайлап-жайлап оған деген сыйластығыңыз да кеми береді. Жігітін сыйламай, "менің айтқанымнан шықпайды" деуді кей қыздар абырой санауы мүмкін. Ол сіздің ығыңыздан шыға алмай, дегеніңізге жығыла беретін болса, балаларыңыз оны қалай сыйламақ? Анасы сыйламайтын әке балаларына да сыйы болмайды. Қазақ аналары әкенің жанарынан-ақ қорқатын болған.

Кемшілігі жоқ адам болмайды. Бойындағы бар кемшілігін біле тұра, соған өмір бойы төзе аламын десеңіз ғана, соңғы шешім қабылдаңыз.

Reactor

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста