Қытайда тұрғын үй мәселесі қалай шешіледі?
Шанхайдағы үйлер Алматыдан арзан дейді. Мұны қалай түсіндіруге болады?
Архат, Алматы қаласының тұрғыны
Шанхай – Янцзы өзенінің бойында орналасқан сауда-саттық, өнеркәсіп орталығы. Ол ҚХР территориясының 1 пайызын (96 мың кв.км) ғана құрайды. Әрине, ол бұрынғы Алматы облысының аймағынан (104,7 мың кв.км) кішкентай. Алайда Қытайдың ІЖӨ-нің басым бөлігін осы қала қамтиды. Ондағы жан басына шаққандағы өндіріс көлемі басқа қалалармен салыстырғанда үш есе көп. Аталған қалада Қытай халқының алты пайызы тұрады. Ал Алматыда Қазақстан халқының он пайызы тұрады. Бірақ сан жағымен есептегенде, ол бірнеше мәрте Шанхайдағы халықтан аз. Алайда Шанхай мен Алматы өндірісінің экспортын мүлдем салыстыруға келмейді. Алматының сауда айналымы да шектеулі. Өндіріс пен сауда-саттықтан гөрі, оңтүстік астанамызда қаржы операциясы мен құрылыс саласынан түсетін пайда басым. Сол себепті де біздегі тұрғын үй қымбат деп түсіндірер едік.