Қазіргі уақытта эпидемияға байланысты кез келген ғимаратқа кірген адамның міндетті түрде дене температурасы өлшенеді. Күн суытқалы сырттан келген адамдардың қызуын өлшеу бұрынғыдай болмайды. Осы орайда "2К" ресейлік инжинирингтік компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Иван Андриевский суықтан денесі әбден салқындап қалған адамның дәл температурасын қалай өлшеуге болатынын айтты деп жазады Риа Новости.
Андриевскийдің cөзінше, күн суытқалы қоғамдық орындарға келушілердің дене температурасын өлшеу кезінде қателіктер орын алуы мүмкін. "Егер суық ауадан кіргеннен кейін лазерлік термометр 36,6 градусты көрсетсе, онда ол адамның температурасы негізінде жоғары болуы ықтимал. Бұл 37,6 градус деген сөз", - деді ресейлік маман. Қатені болдырмаудың және температураны байланыссыз дәл өлшеудің бір жолы бар, дейді сарапшы. Андриевский ол үшін ғимаратқа кірген адамды үш-бес минут күтуге және процедураны қайталауға кеңес береді. "Егер қызу өлшегіш құрал 37 немесе 36,9 температурасын көрсетсе, онда бұл адамның температурасының жоғары екендігінің белгісі. Суық ауадан келген адамның қолдары әлбетте салқындап қалады. Сол себепті бұндай жағдайда адамды жылы бөлмеде үш-бес минут күтіп, оның температурасын қайта өлшеу қажет. Осылай ғана біз дәл көрсеткіштерге қол жеткіземіз", - деді 2К" ресейлік инжинирингтік компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы. Коронавирустың екінші толқыны қандай болады: Пульмонолог болжам жасады Соңғы дерек бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 50 миллионнан асып кетті.COVID-19 вирусы көп тіркелген елдер тізімі: Америка Құрама Штаттары - 9 961 324, Үндістан - 8 507 754, Бразилия - 5 664 115, Франция - 1 835 187, Ресей - 1 760 420, Испания - 1 328 832, Аргентина - 1 242 182, Ұлыбритания - 1 195 350, Колумбия - 1 143 887, Мексика - 967 825. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін әлемде жарғанаттар тарататын тағы бір қауіпті вирус пайда болғанын жазған едік.