Қысқы күн тоқырау құбылысы деген не? Биыл ол қай күні болады?
Маржан, Қарағанды қаласы
Күннің қысқы тоқырауы – күндізгі уақыттың жылдық қысқаруы аяқталатын күн. Ол – Жердің өз осінен айналуы барысында Күнге көріну мүмкіндігінің мейлінше азаюы.Халқымыз мұны «қыс ортасы», «ең қысқа түн», «қыстың алғашқы күні» деп те атаған. Бұл кезде Солтүстік жарты шарда астрономиялық қыс басталып, Солтүстік полюс қалың қараңғылық құшағында қалады. Күннің қысқы тоқырауынан соң күннің біртіндеп ұзаруы басталады. Биыл күннің қысқарып барып тоқырауы желтоқсанның 21-іне, Астана уақыты бойынша сағат 19:11-ге сәйкес келіп отыр. Ал күннің жазғы тоқырауы, яғни ұзарып барып тоқтауы маусымның 21-і күні болды. Қыркүйектің 22-сінде күн мен түннің күзгі теңелуі болды, көктемгі теңелу наурыздың 20-сына сәйкес келген еді.
Қысқы тоқырау қашан байқалады?
Последние статьи автора