Еліміздегі қуыршақ театрларының тарихы туралы білгім келеді. Қазақстанда қуыршақ театры ең алғаш рет қашан ашылды? Бірінші театр қай қалада бой көтерген?
Маржан, Теміртау қаласы
Қазақстандағы қуыршақ театрларының тарихы 1935 жылдан бастау алады. Осыдан 78 жыл бұрын Алматыда қуыршақ театрының тұсауы кесілген болатын. Ал 1938 жылы ол театрға Республикалық қуыршақ театры дәрежесі берілді. Театрда қазақ және орыс труппалары қатар жұмыс істеді. Қазақ труппасына Қазақстанның Халық әртісі С.Телғараев жетекшілік етті.
Жалпы, қазақ жеріндегі қуыршақ театры ұлттық ойындардан бастау алған. Ертеден келе жатқан «Ортеке» ойыны – осының айқын дәлелі. Ағаштан жонылып жасалған киік немесе ат мүсіншесін сылдырмақтап жіп тағып, домбыра тартқанда жіптің бір ұшын ішекті шертер саусаққа іліп, билететін болған. Тартылған күй ырғағына қарай «Ортеке» ойынын көрсеткен. Қысқаша айтар болсақ, елімізде қуыршақ театрлары Алматыда (1935 ж.), Ақтөбе мен Жезқазғанда (1985 ж.), Ақтауда (1981 ж.), Шымкентте (1983 ж.), Қостанай мен Петропавлда (1992 ж.), Астанада (2010 ж.) ашылды.
Қуыршақ театрлары қашан ашылған?
Последние статьи автора