Жақын күндері әйгілі Қожаберген жырауға арналған ақындар мүшәйрасы өтеді деп естіп едім. Бұл байқаудың талап-шарттары қандай?
Алмас Исабай, Алматы облысы
Биыл Солтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы мен «Жеті жарғы және Қожаберген жырау» халықаралық қоғамдық қайырымдылық қоры жазба ақындардың «Елім-ай!» деп өткен есіл ер!..» атты республикалық жыр мүшайрасын жариялаған болатын.
Қазылар алқасының қарауына үш өлең ұсынылады.Оның біреуі Қожаберген жырау рухына бағышталса, екіншісіне «Елім-ай» дастаны арқау болғаны жөн, үшіншісі – еркін тақырыпта. Шығармалар 2013 жылдың 5 маусымына дейін қабылданады. Мүшәйраның ақтық сыны 21 маусым күні Петропавл (Қызылжар) қаласында өтеді.
Бас бәйге (біреу) – автокөлік; бірінші орын (біреу); екінші орын (біреу); үшінші орын (екеу); ынталандыру сыйлығы (үшеу).
Жабық бәйге болғандықтан, өлеңдер бүркеншік атпен жолданады. Автордың аты-жөні, мекенжайы, байланыс телефоны жазылған парақ кіші конвертке салынып, желімделіп, оның бетіне тек бүркеншік аты ғана жазылады. Үлкен конверттің сыртында жіберушінің ата-жөні деген жерге бүркеншік аты жазылады. Бәйгеге қатысуға тілек білдіргендер өздерінің шығармаларын мына мекенжайға жолдаулары керек:
Астана қаласы, 010000.
Достық көшесі, 20 үй, 1704 кеңсе,
«Жеті жарғы және Қожаберген жырау»
Халықаралық қоғамдық қайырымдылық қорына.
Қожаберген жырау мүшәйрасы қашан өтеді?
Последние статьи автора