Қазақтың тұңғыш көркем фильмi

Қазақтың тұңғыш көркем фильмi

Кино өнерi елiмiзге қай кезде келiп, қашан көрсетiле бастады? Қазақтың тұңғыш көркем фильмi қандай және оны кiмдер түсiргенi жайлы бiлгiм келедi.

Жасұлан ӘДIЛБАЕВ, Шығыс Қазақстан облысы

Кино өнерi қазақ даласына өткен ғасырдың басында келiп жеткен. Алғашында ақша табуды көздеген саудагерлер жылжымалы кинотеатрлар аша бастады. Қолда бар деректерге сүйенсек, Қазан төңкерiсiне дейiн елiмiзде 13ке тарта киноқондырғы жұмыс iстеген екен. Кеңес өкiметi орнағаннан кейiн саудагерлердiң кинозалдары тәркiленiп, мемлекет қарамағына алынады. Халықтың ойсанасын ояту мақсатында революционер Әлiби Жангелдин өзi Еуропадан алып келген шетелдiк жұмысшылардың ереуiлi бейнеленген кинотаспаларды Амангелдi Имановпен бiрiгiп ел iшiнде көрсетiп, үгiтнасихат жұмыстарына кеңiнен пайдаланған.

Кинозерттеушiлердiң айтуына қарағанда, Қазақстанда деректi фильмнiң алғашқы кадрлары 1924 жылы түсiрiле бастаған. Елiмiз туралы «Қазақстанның бесжылдығы» атты алғашқы деректi туынды 1925 жылы сол кездегi астанамыз Қызылордада өткен бесжылдық мерейтой салтанатына арналыпты.

1928 жылы Халық комиссарлары кеңесi жанынан акционерлiк «Востокфильм» кино қоғамы құрылып, бiр жылдан кейiн Алматыда оның өндiрiстiк бөлiмi ашылады.

Ал алғашқы кинотуындымыз – «Аманкелдi» көркем фильмi 1938 жылдың аяғында жарыққа шығыпты. Бұл туындының сценарийiн Бейiмбет Майлин, Ғабит Мүсiрепов және Всеволод Ивановтар жазған. Сценарий «Новый мир» журналында жарияланады. Туындыны сол кездегi қазақ кино қайраткерлерi мен «Ленфильм» студиясының ұжымы бiрiге отырып түсiредi. Тағы бiр айта кететiн жайт, кинотуындының жарыққа шығуына қазақтын қайраткер ұлдары Тұрар Рысқұлов, Темiрбек Жүргенов және сол кездегi ел басшысы Левон Исаевич Мирзояндардың еңбегi зор.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста