Қазан айында қымбатшылық қанша пайызға өсті?

Қазан айында қымбатшылық қанша пайызға өсті?

Міне, қазан айын артқа тастап, қарашаға да жеттік. Өткен айда біраз азық-түлік тауарлары қымбаттап, қарақұмық, шекілдеуік майы тәрізді тауар бағалары тіптен шарықтап кетті. Осыған орай бі­лей­ін дегенім, қазан айында қымбатшылық деңгейі қанша пайызға өс­ті?
Риза ҚУАНТАЕВА,
Алматы облысы

Статистика агенттігінің мәлімет­те­ріне сүйенсек, 2010 жылғы қазан айында еліміздегі азық-түлік тауар­лар­дың бағасы өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 8 пайызға өсті. Мәселен, май мен тоң май бағасы – 14,2 пайызға, кофе, шай жә­не какао – 11,9, жарма, жемістер мен көкөністер – 11,7, қант – 11, сүт өнімдері – 9,2, кондитерлік өнімдер – 7,9, тоқаш пен ұн өнімдері – 6,3, алкогольді ішімдіктер – 4,9 және нан 0,2 пайызға артты. Аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 11,3 пайызды құ­ра­ды. Қой етіне баға деңгейі –10,4, шұжық өнім­деріне – 8,2, құс етіне – 7,7, шош­қа етіне – 7,4 жә­не жылқы етіне 4,4 пайызға жоғарылады.
Жалпы, инфляцияға қатысты ма­ман­дар: «Инфляция елдегі ахуалды анық­тайтын негізгі және маңызды макроэкономикалық көрсеткіштердің бірі екені сөзсіз. Оның ықпалын барлық экономика субъектілері, сонымен қатар бизнес те, халық та сезінеді. Сондықтан экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін инфляция Ұлттық банк бел­гі­леген шекте қалып отыр», – дейді.
Қазіргі уақытта елдегі инфляция Ұлттық банк белгілеген 6-8 % шегінде сақталып тұр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста