Қасым бірнеше музыкалық аспапта ойнаған деп естіп қалып едім. Нақтырақ жазсаңыздар екен, ол қандай музыкалық аспаптарды жақсы меңгерген?
Бота ӘЛТАЕВА, Қарағанды
Қасымның соғыстан кейінгі жазған күнделіктерінде бұл туралы бірқатар мәліметтер бар. Оның қызы Дариға туғаннан бастап домбыра тартып жұбататыны жайлы жазғанына қарап, домбыраны өзі де бала кезінен тартқанын аңғаруға болады. Сонымен бірге Қасым мандолин, гармонь, скрипкада ойнапты. Бұл туралы Сырбай Мәуленов өзінің «Найзағайлы қара бұлт» атты естелік кітабында жазады. Қасымның Оралға алғаш келгенін суреттей жазған ақын:
«...Жаз желегін жамылған жасыл бақша. Айнадай жарқырап тұрған ақ шыны аспан. Бейтаныс жаңа қала, төңіректі қоршаған қыз-жігіттер. Қасым бір түрлі арқаланып кетеді. Сырнайшының қолынан гармоньды сұрап алады да, Семей татарларынан үйренген бірсыпыра әндердің тиегін ағыта жөнеледі...» – дейді. Сондай-ақ сыншы, әдебиеттанушы Есмағамбет Ысмайылов та ақындар ортасында Қасым скрипкасын алып, түрлі әуендер тартып отыратынын тілге тиек етеді.
Қасымға түрлі аспаптарда ойнау әкесі Рахымжан серіден ауысса керек...
Қасым бірнеше аспапта еркін ойнаған
Последние статьи автора