Қант диабетімен мүгедектікке шығуға бола ма?

Анамның қант диабетімен ауырғанына 15 жылдан астам уақыт болды. Емханада есепте тұрады. Таяуда әкеміз қайтыс болып, анам мектепте оқитын кіші қызымен қалды. Қазіргі күні асыраушысынан айырылуына байланысты төленіп отырған11 мың теңгемен күнелтіп отыр. Анам денсаулығына байланысты жұмыс та істей алмайды. Сол себепті анамды денсаулығына байланысты мүгедектік бойынша зейнеткерлікке шығарайын деп едік. Алайда дәрігерлер «мұндай диагнозбен мүгедектікке шығара алмаймыз, бір мүшесі кесілген жағдайда ғана мүгедектікке шыға алады» дейді. Осы дұрыс па?
Тұрсынай ЕЛУЖАНОВА,
Қарағанды облысы
Сарапшы мамандар берген мәліметке қарағанда, «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережесінің» 32 тарма­ғына сәйкес, мүгедектік – организм функ­цияла­ры­ның тұрақты бұзылуынан денсау­лықтың бұз­ылуы мен тіршілiк-тынысы шекте­луi­нің (адамның өзiне-өзi қызмет көрсету, өздi­гi­нен жүріп-тұру, қарым-қаты­нас жасау, өзі­нің мi­нез-құлқын бақы­лау, оқу немесе еңбек қыз­ме­тiмен айналысу қабілетiнен толық немесе iшiнара айырылуы) негізінде белгіленеді.
Ереженің 7-тармағына сәйкес, меди­ци­налық ұйымдар ауруды анықтап, емдеу жә­не оңалту іс-шараларын жүргізгеннен кейін, егер жүргізілген емнен нәтиже болмай, ауру асқынып кетсе, диагнозы белгіленген сәт­тен бастап кемінде төрт айдан кейін меди­ци­налық-әлеуметтік сараптамаға (МӘС) жі­бе­реді.
Ал осы ереженің 8-тармағына сәйкес, медициналық зерттеудің сапасы, адам­дарды МӘС-ке жiберудiң уақтылылығы мен негіз­ділігі үшiн жауапкершілік тиiсті медицина ұйы­мының басшысына жүкте­ледi деп көрсе­тілген.
Сондықтан толық мағлұмат алу үшін сіз анаңызбен, оның барлық медицина­лық құ­жаттарын алып тұратын жеріңіздегі Бақылау және әлеуметтік қорғау департа­ментінің ме­ди­циналық-әлеуметтік сарап­тамасының бақылау және әдіснама бөліміне жолы­ғуыңыз қажет.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста