Кейбір қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салынғаны белгілі. Бірақ бұл талап сақтала бермейтін сияқты. Заң бойынша нақты қандай орындарда темекі шегуге болмайтынын айтсаңыздар.
Нариман ҚАРАБЕКОВ, Алматы қаласы
ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» туралы заңының 5-бабының 159-тармағында былай делінген: «...білім беру мекемелерінде, сондай-ақ, кәмелеттік жасқа толмағандардың демалыс орнында, денсаулық сақтау мекемелерінде, қоғамдық тамақтану нысандарында, кинотеатр, театр, цирк, концерттік, көрмелік залдарда, спорттық кешендерде, түнгі клуб, дискотека тәрізді жалпы демалыс ошақтарында, музей, кітапхана, лекция залында, пойызда (темекі шегуге қарастырылған арнайы орындары болмаса), автобуста, бағытты таксилерде темекі шегуге тыйым салынады. Сонымен қатар, теміржол вокзалдарында, аэропорттарда, электротранспорттарда, мемлекеттік ұйымдардың ғимараттарында, жұмыс кеңселерінде, үй подъездерінде темекі шегуге болмайды».
Қандай жерлерде темекі шегуге тыйым салынады?
Последние статьи автора