Кеше Парламент Мәжілісінің 53 депутаты Мәжілісті мерзімінен бұрын тарату туралы Президент атына үндеу жолдады. Менің білгім келетіні, қандай жағдайда Парламентті, Мәжілісті таратуға болмайды?
Әскербек НҰРАЙДАР, Алматы
Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 16 қазандағы №2529 Конституциялық Заңының 36-бабы Республика Парламентінің және Парламент Мәжілісінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату процедурасы көрсетілген. Бұл бап бойынша: 1. Республика Президенті Парламент палаталары төрағаларымен және Премьер-министрмен консультациялардан кейін Парламентті немесе Парламент Мәжілісін тарата алады. 2. Парламентті және Парламент Мәжілісін төтенше немесе соғыс жағдайы кезеңінде, Президент өкілеттігінің соңғы алты айында, сондай-ақ осының алдындағы таратудан кейінгі бір жыл ішінде таратуға болмайды. 3. Мәжіліс таратылған жағдайда Парламенттің Конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау жөніндегі қызметін уақытша, Мәжілістің жаңа құрамы сайланғанға дейін Сенат атқарады. Мұндай жағдайда Сенаттың Конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау тәртібі Сенат регламентінде айқындалады.
Қандай жағдайда Мәжілісті таратуға болмайды?
Последние статьи автора