Қандай халықаралық шарттар біздің елде ратификациялауға жатады?
Әсет ЖЕҢІСБАЕВ, Алматы облысы
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы N 54 Заңының 11-бабына сәйкес, ратификациялауға жататын халықаралық шарттар: 1) нысанасы адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары болып табылатын; 2) орындалуы қолданыстағы заңдарды өзгертудi немесе жаңа заңдарды қабылдауды талап ететін, сондай-ақ ҚР заңдарында көзделгеннен өзге ережелердi белгілейтiн; 3) ҚР Мемлекеттiк шекарасының өтуi туралы, сондай-ақ ҚР ерекше экономикалық аймағын және құрлықтық қайраңын межелеп бөлу туралы халықаралық шарттарды қоса алғанда, ҚР басқа мемлекеттермен аумақтық межелеп бөлiнуi туралы; 4) мемлекетаралық қатынастардың негіздерi туралы, қарусыздану немесе қару-жараққа халықаралық бақылау жасау, халықаралық бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi мәселелер бойынша, сондай-ақ бiтiмгершiлiк халықаралық шарттар мен ұжымдық қауiпсiздiк туралы халықаралық шарттар; 5) ҚР мемлекетаралық бiрлестiктер мен халықаралық ұйымдарға қатысуы туралы, егер мұндай халықаралық шарттар ҚР егемендiк құқықтарының бiр бөлігін жүзеге асыруды оларға берудi көздейтiн болса немесе олардың органдары шешiмдерiнің ҚР үшiн заңдық тұрғыдан мiндеттілігін белгiлесе; 6) мемлекеттiк қарыздар туралы; 7) гуманитарлық көмектi қоспағанда, ҚР экономикалық және өзге де көмектер көрсетуi туралы; 8) қол қою кезiнде келiссөздерге қатысушы тараптардың кейiннен оларды ратификациялау туралы келiскен; 9) егер халықаралық шарттарда мұндай келiсiм ратификациялау арқылы бiлдiрiлетiнi көзделсе, халықаралық шарттар ратификациялауға жатады.
Қандай халықаралық шарттар ратификациялауға жатады?
Последние статьи автора