Қандай СУ ішкен дұрыс: ҚАЙНАҒАН немесе МИНЕРАЛДЫ су

Су – біздің ағзамыз үшін аса қажет. Сусыз ағзаның жұмысы тоқтайды. Бірақ саулығымыз үшін ішетін сұйықтықтың мөлшері емес, сапасы маңызды екенін ұмытпаңыз, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі ERNUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Осы ретте, дәрігерлердің пайдалы деп ұсынған сумен танысайық.

 

Судың ағзаға әсері

 

Су метаболизмді жылдамдатады және минералдар мен басқа да пайдалы заттардың сіңуіне ықпал етеді.

 

Әлем ғалымдары күніне 2 литр су ішу керек деген стереотипті жоққа шығарды.

 

Олардың айтуына қарағанда, әр адамның су ішу мөлшері әртүрлі болады екен. Нақтырақ айтқанда, адам салмағының әр келісіне 30 мл су ішу керек. Демек, сіздің салмағыңыз 50 келі болса, онда 1,5 литр су ішу керек.

 

Десе де, бұл мөлшер кейде өзгеруі мүмкін. Себебі, әдеттегіден артық физикалық белсенділік, ауа райының ысуы, қабылдаған дәрі-дәрмек ағзадағы сұйықтықтың жоғалуына ықпал етеді.

 

Оған қоса, темекі шегу, кофе және алкоголь ішу де сұйықтықтың жетіспеушілігін тудырады. Ағза су тапшылығына ұшыраған кезде басыңыз ауырады, қан қоюланады, тері құрғайды және жүрек соғысы өзгереді.

 

Одан бөлек, артық салмақ мазалап, ертере қартаю ықтималдығы жоғарылайды.

 

Қандай су ішу керек?

 

Жоғарыдағы жайсыздықты болдырмау үшін қандай су ішу керек. Жалпы, денсаулықтың жақсы болуына қандай сұйықтық қажет?

 

Кран суы

 

Иә, кәдімгі кранның шүмегінен тікелей алып, іше салатын әдетіміз бар. Оның қаншалықты таза екеніне, денсаулыққа әсерінің бар-жоғын анықтап жатпаймыз. Десе де кран суына хлор қосылатыны белгілі. Ал хлор өз кезегінде қауіпті аурулардың қоздырғыштарынан жойып, инфекцияны жұқтыру қаупін азайтады.

 

Алайда ағзаға ешқандай пайдасы жоқ. Егер хлорлы суды шектен тыс көп ішсеңіз, өтке, бүйрекке тас байлауы мүмкін.

 

Сондай-ақ тері мен шаштың саулығына жауап беретін Е дәруменін жояды.

 

Одан бөлек, аллергиялық ауруларды қоздырады, жыныстық әлсіздікке әкеледі, иммунитетті төмендетеді.

 

Қайнаған су

 

Көпшілік ағын суды қайнатып алсаңыз, оның сапасы әлдеқайда жақсарады деп сенеді. Сондықтан да көпшілігіміздің үйімізде ыдыста қайнаған су тұрады.

 

Өкінішке орай, бұл да дұрыс емес. Су қайнаған кезде құрамындағы вирустар мен бактерияларды өлтіреді. Алайда хлор мен ауыр металдарға қарсы күресе алмайды.

 

Ал егер қайнаған суды қайта-қайта қайнататын болсаңыз, бұдан келер қауіп өте қорқынышты. Қайталап қайнаған су улы тригалометан түзеді. Бұл зат өз кезегінде ағзамыз үшін өте қауіпті екенін ескеріңіз. Сондықтан шайға немесе кофеге бір рет қайнаған суды қолданған дұрыс.

 

Минералды су

 

Көпшілігіміз минералды суға ең таза әрі денсаулыққа пайдалы деп қараймыз. Алайда, бұл судың да кейде пайдасы, кейде зияны бар екен. Мәселен, асханалық деген жазу болмаса минералды суды кез келгенімізге іше беруге болмайды. Оны тек қана дәрігердің нұсқауымен ғана ішкен жөн.

 

Кейбір минералды судың құрамында тұз көп болады. Ал ол кейбір ауруларға теріс әсер етеді де, нәтижесінде созылмалы дерттің дендеуіне себепші болады.

 

Сонымен қатар, дүкен сөрелерінде кездесетін барлық бөтелкедегі су денсаулық үшін бірдей қауіпсіз емес. Мұндай судың кейбір түрінде 70 есе асып түсетінін микробтардың саны анықталған. Әсіресе, пластикалық ыдыстардағы суды тұтынбаған жөн.

 

Саулығыңызды ойласаңыз, ішетін суға өте мұқият болыңыз. Минералды су алатын кезде құрамына назар аударыңыз. Егер құрамында мырыш және магний секілді екі минерал болса, еш ойланбай ішуге болады. Бұл екі минерал біздің ағзамыздың толық жұмыс істеуіне маңызды рөл атқарады.

 

Нақтырақ айтқанда, мырыш иммундық жүйеге, сыртқы қауіптерге, соның ішінде вирустарға қарсы тұруға көмектеседі, ал магний табиғи стреске қарсы әрекет етеді. Оған қоса, маңызды биохимиялық процестерге қатысады және бізді стреске төзімді етеді. Бұл сусынды ашқарынға ішсек ағзамызға 90% мырыш пен 70% магний сіңіреміз.

 

Сонымен қандай судың пайдалы екенін білдік. Ендеше, жағдайыңызға қарай қажетті суды тұтыныңыз. Егер ісіну, қант диабеті, жүрек-тамыр жүйесі, бауыр, бүйрек немесе асқазан-ішек жолдарының аурулары болса, ең алдымен дәрігермен кеңесіңіз. Ол сізге қандай суды қандай мөлшерде ішу керектігін айтады.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста