Менің мемлекеттік құпияға жатпайтын мәліметтер жайлы білгім келеді? Мемлекеттік құпияға жатпайтын мәліметтердің сипаты қандай болады? Бұл мәселе заңымызда көрсетілген бе?
Нұрбол, Жезді қаласы
1999 жылдың 15 наурызында Мемлекеттік құпиялар туралы №349-І заңы қабылданған. Сол заңда азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығына қауіп төндіретін төтенше жағдайлар мен апаттар және олардың зардаптары, сондай-ақ табиғи зілзалалар, олардың ресми болжамдары мен зардаптары, экологияның, денсаулық сақтаудың, санитарияның, демографияның, білім берудің, мәдениеттің, ауыл шаруашылығының жай-күйі, сондай-ақ қылмыстылықтың жай-күйі туралы, мемлекет азаматтарға, лауазымды адамдарға және ұйымдарға беретін артықшылықтар, өтемақылар және жеңілдіктер, азаматтың құқықтары мен бостандықтарының бұзылу фактілері, ҚР Ұлттық Банкі алтын-валюта активтерінің және бағалы металдар мен асыл тастардың үкіметтік (бюджеттік) резервінің мөлшері, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, олардың лауазымды адамдарының заңдарды бұзу фактілері туралы мәліметтер мемлекеттік құпия болып саналмайтыны жазылған. Заңда егер де осы жайттарды мемлекеттік құпиялардың сапына енгізу туралы шешім қабылдаған лауазымды тұлғалар болса, олар заң алдында жауап беретіні айтылған.
Қандай мәліметтер мемлекеттік құпияға жатпайды?
Последние статьи автора