Шенген келісімі жайлы білгім келеді. Осы келісім негізінде қанша мемлекет кедендік паспорттық тексерусіз бір-бірімен қарым-қатынас жасай алады?
Әлихан, Қызылорда қаласы
«Еуропа одағына мүше кейбір елдердің арасында кедендік паспорттық тексеруді алып тастау» туралы Шенген келісімі 26 мемлекетті қамтиды. Олар: Австрия, Бельгия, Венгрия, Греция, Дания, Германия, Исландия, Испания, Италия, Латвия, Литва, Лихтенштейн, Люксембург, Нидерланды, Норвегия, Мальта, Польша, Португалия, Словакия, Словения, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция, Швейцария және Эстония. Қысқа мерзімді Шенген визаларының қолданылу тәртібі Шенген аймағына кіретін барлық елдерде бірдей. Шенген шартын қабылдаған мемлекеттер Шенген аймағына кіруге және онда қалуға рұқсат беретін келесі санаттағы бірыңғай визаларды береді: (А) визасы – ұшақ жолаушыларына ғана беріледі және әуежайдың транзиттік аймақтан шығуына құқық бермейді; (С) қысқа мерзімді визасы – Шенген аймағына бірінші рет кіргеннен бастап алты айдың ішінде 90 күнге дейін қалуға рұқсат береді; (Д) ұзақ мерзімді ұлттық визалар Шенген шартын қабылдаған басқа мемлекеттердің аумақтары арқылы бес күн ішінде визасыз транзитпен жүріп өтуге рұқсат береді. Бір мәртелік визамен Шенген аймағына визаны берген консулдық мекеменің елі арқылы ғана кіруге рұқсат етіледі. Мысалы, сіз визаны Францияның консулдығынан алсаңыз, онда кез келген Шенген еліне тек Франция арқылы бара аласыз. Шенген аймағына Ұлыбритания, Ирландия, Румыния, Болгария және Кипр кірмейді.
Қандай елдер Шенген аймағына кіреді?
Последние статьи автора