Суға шомылуға жиі барып жүрміз. Достарым үнемі қайықпен серуендеу керектігін айтады. Бірақ мен қайыққа отырудан қорқамын. Қайыққа мінгенде қандай сақтық шарасын есте ұстаған жөн?
Гүлсезім Алашбаева, Ақтөбе облысы
Ескекті су көлігіне отырарда мынадай тыйымдарды есте ұстау керек:
• иесі жоқ немесе ақауы бар қайықтарды пайдаланбау керек, су көліктерінің техникалық жағынан міні жоқтығына көз жеткізіңіз;
• құтқару құрал-жабдықтарынсыз қайыққа отырмаңыз;
• су көлігінің жүгі шамадан тыс ауырлап кетпеуі тиіс;
• спиртті ішімдік ішкен болсаңыз, қайықпен серуендеуден бас тартыңыз;
• су көлігінің тұмсығына отырмаңыз;
• жүзіп келе жатқанда бір орыннан екінші орынға ауыса бермеңіз;
• қайықтан суға секіруге болмайды!
Қайықпен серуендеу үшін нені білу керек?
Последние статьи автора