Пітір садақаның үкімі қандай және ол қалай беріледі?

Шариғаттағы пітір садақаның үкімі қандай және ол қашан, қалай беріледі?
Рамазан ИҚТИЯРОВ,
Алматы облысы
Сансызбай ШОҚАНОВ, ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары:
– Пітір садақаны беру – біздің мәсһаб бойынша уәжіп, ал бас­қа­ларында парыз. Оның уәжіпті­гіне дәлел: Ибн Омардан жеткен хадис­те былай дейді: «Алланың елшісі Рамазан айында пітір садақаны әрбір мұсылман құл мен азат адамға, ер мен әйелге, үл­кен мен кішіге бір сағ құрма не­ме­се арпадан беруді міндеттеді. Әрі оны адамдар айт намазына шықпас бұрын өтеуді әмір етті». Алла тағала пітір садақа­ны бізге, ұлы һәм зор мақсаттарға жетуіміз үшін міндеттеген. Пітір садақа жағ­дайы төмен жандарға беріледі. Со­нымен қатар пітір сада­қа адам­ның ораза кезіндегі жібер­ген қате­лері мен кемшіліктерін толтыру үшін беріледі.
Пітір садақасы баспанасы, жиһаз­дары, көлігі, құралдары мен киер киімінен бөлек артық мал-мүлкі бар кез келген азат мұсыл­манға уә­жіп. Оны әрбір адам өзі­нің, жас балала­ры­ның, мұсылман болмаса да, қыз­мет­ші құлдарының атынан шығарады.
Пітір садақа мына нәрселерден беріледі:
Пітір садақаны бидаймен бере­тін болсаңыз, әр адам үшін жарты сағ. Жарты сағ – 1 келі 625 грамға тең. Ақшамен есептегенде (шаша­мен әр облыстағы бидайдың саты­лу бағасы­на қарай) 1 келі 625 грамның құнын беру керек. Ал құрма, мейіз, арпадан бір сағтың (3,25 келі) құнын береді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста