Партаға отырудың да ережесі бар
Қазіргі мектептердегі сыныптарда санитарлық талаптар қаншалықты ескеріледі? Оқушылар партаға денсаулық жағдайына байланысты отырғызыла ма?
Нұрайша ТҰРАРҚЫЗЫ, Алматы қаласы
Еліміздің Білім министрлігі бекіткен оқу кабинетіне қойылатын санитарлық талаптардың бір парасы мынадай:
Әрбір оқушы сыныптағы партаға бойына сай, көру және есту қабілетіне байланысты отырғызылуы қажет. Мектеп оқушылары үшін арқасы жоқ парталарды пайдалануға тыйым салынған.
Көру мен есту органдарының ақауы бар балалар терезе жақтан санағанда бірінші қатарға отырғызылуы керек. Тыныс алу жолдары мен тамақ бездерінің қабынып және суықта жиі ауыратын балаларды сыртқы қабырғадан алыс отырғызу қажет. Сыныптарды жабдықтағанда, сондай-ақ мынадай өлшемдер сақталуы керек.
Екі орындықты үстелдердің
қатарларының арасы 50 см-нан
кем болмауы; соңғы үстелден
қабырғаға дейінгі аралық
70 см-нан кем болмауы;
Бірінші партадан оқу тақтасына
дейінгі қашықтық 2,4-2,7 метрден
кем болмауы;
Соңғы партадағы оқушы орнының
оқу тақтасымен арақашықтығы
8,6 метрден көп болмауы;
Оқу тақтасының төменгі жиегінің
еденнен биіктігі 80-90 см болуы;
Тақтаның көру бұрышы мектептегі
орта және жоғарғы сынып
оқушылары үшін 35 градустан
және бастауыш сынып оқушылары
үшін 45 градустан кем болмауы тиіс.