Қаржы полициясы академиясына оқуға түсушілерге қандай талап қойылады?
Ермек Жолдасқалиев, Қызылорда облысы
ҚР Қаржы полициясының мәліметінше, күндізгі оқыту нысаны бойынша Қаржы полициясы академиясында оқу үшін жасы 16-ға толған, жалпы орта білімі бар, қаржы полициясы мен кеден қызметі қызметкерлеріне қойылатын талаптарға жауап беретін, денсаулығы бойынша қызметке және оқуға жарамды тұлғалар қабылданады. Академия тыңдаушыларының контингентін қалыптастыру кадрларды даярлаудың мемлекеттік тапсырысқа енгізу арқылы жүзеге асырылады. Оқуға кандидаттарды іріктеуді аумақтық қаржы полициясы және кеден қызметі органдары, сонымен қатар академия жүргізеді. Талапкерлер арнайы міндетті тексерістен, сондай-ақ қызметке жарамдылығын анықтау үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери-дәрігерлік комиссиясында медициналық куәландырудан өтуі керек. Академияға азаматтарды қабылдау үш кезеңде өтеді: бірінші кезеңде қабылдау комиссиясы кандидаттарды медициналық, психофизиологиялық және физикалық көрсеткіштері бойынша іріктейді; екінші кезеңде кандидаттарды қабылдау ҰБТ-ның нәтижелері бойынша берілген мемлекеттік сертификаттағы балдарға сәйкес немесе өткен жылдары жалпы білім беру мектептерінің, бастауыш және орта кәсіби оқу орындарының түлектері үшін кешенді тестілеу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады; үшінші кезеңде қабылдау комиссиясы конкурстық іріктеу негізінде кандидаттарды академияның тыңдаушылары қатарына қабылдайды. Кешенді тестілеудің нәтижелері академияда тексеріледі.
Оқуға түсушілерге қандай талап қойылады?
Последние статьи автора