Олимпиада бойтұмары қашан пайда болған?

Олимпиада бойтұмары қашан пайда болған?

Жеңіл атлетикадан Берлинде аяқталған әлем чемпионатының бойтұмары «Берлино» атты аю болғанын білеміз. Жалпы, менің сұрайын дегенім, спорттық додаларға бойтұмар қою қай кезден басталған?

Гүлден Наукенова, Талдықорған қаласы

Өздеріңізге белгілі, спортшылар ырымшыл келеді. Мәселен, кейбір футболшылар матч соңында жейделерін ауыстырудан үзілді-кесілді бас тартса, қандай жекпе-жек болмасын, бір ғана былғары қолғаппен шығатын боксшылар да бар. Тіпті дүбірлі додаға арнайы бір затын ала баратын кейбір спортшылар да жеткілікті. Міне, осы жағдайды алғаш рет ескерген 1968 жылғы Мехико Олимпиадасының ұйымдастырушылары дүбірлі доданың бойтұмарын ойлап шығарды. Сөйтіп, Олимпиада ойындарының ең алғашқы бойтұмары – қабылан болды. Әлбетте, бұл идея барлығына ұнады. Содан бастап әр Олимпиада ойындарының міндетті түрде өз бойтұмары болып тұрды. Тіпті ол әртүрлі әлем чемпионаттарында да қолданылып жүр.
Ал енді алдағы Олимпиада ойындарының бойтұмарларына тоқталсақ. Келесі жылы Ванкуверде өтетін қысқы Олимпиада ойындарының бойтұмары болып үш белгісіз аң белгіленді. 2012 жылы Лондонда өтетін Олимпиада ойындарының бойтұмары әлі анықталған жоқ. Ал 2014 жылы Сочиде өтетін қысқы Олимпиада ойындарының бойтұмары ретінде дизайнерлер мультфильм кейіпкері чебурашканы және кішкентай мамонтты ұсынуда.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста