Туған күніне компьютер сыйлағалы бері балам бас алмай, ойын ойнайтын болды. Басында еш мән бермеп ем, қазір оның бойынан тосын мінездер аңғара бастадым. Шырт етпе, сөз көтере алмайды, ашуланса тіпті алдында тұрған нәрсемен ұра салады әрі біртүрлі достар таба бастады. Осыған компьютерлік ойындар әсер етіп жатқан жоқ па?
Дана НӘЛТАЕВА, Алматы қаласы
Әрине, бұған компьютерлік ойындардың тікелей әсері бар деп айта аламыз. Себебі таяуда ғана америкалық БАҚ және отбасы ұлттық институты бала санасына қаупі ең жоғары, яғни зорлық-зомбылық пен кісі өлтіруді насихаттайтын ойындардың тізімін жариялады. Мұның ішінде Ресейде және біздің елімізде де таралып үлгерген, сыртқы мұқабасында қай жастағыларға арналғаны жазылмаған ойындар көп. Бағасына қарасаңыз, анау-мынау баланың қалтасы көтермейтіндей, қымбат. Сонымен балалардың бойына жауыздық уын тарататын ойындардың ондығы мынадай:
1. Blitz: The League II
2. Gears of War 2
3. Saint Row 2
4. Dead Space
5. Fallout 3.
6. Far Cry 2.
7. Legendary
8. Left 4 Dead
9. Resistance 2.
10. Silent Hill: Homecoming