Несие алушы кредитін 8 жыл төлемесе, онда ол несие автоматты түрде жабылады деген сөз рас па?
Негізі банкте мынадай талап бар деп естідім: Егер несие алушы кредитін 8 жыл төлемесе, ол несие автоматты түрде жабылады екен. Бұл рас па? Қазір менің несиені төлемей жүргеніме 8 жылдан асты. Мен оны төлеуден құтылған болып есептелемін бе? Әлде мәжбүрлі түрде төлете ме?
Айдана, Шымкент қаласы
Ғабиден ЖАЙЛИН, заңгер:
–«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 ж. 31 тамыздағы № 2444 Заңы (2014.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
37-бап. Талап қою және қуынымның ескiру мерзімi
Банктердiң кредит шарттарын тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн қарыз алушыларға қойған талаптарына талап қою мен қуынымның ескiру мерзiмi қолданылмайды.
Алайда коллекторлық компания борышты өз атына аударып алса сол сәттен сол талапқа талап қою мерзімі (талап қою ескілігі) тарауы тиіс.