Неке жүзігінің нақты орны аты жоқ саусақ? Оң қолдағы неке жүзігі нені білдіреді? Жалпы, жүзік алмасу қашаннан басталады?
Маржан, Тараз қаласы
Мұның шығу себебін зерттей келе, ғалымдар түбірін ежелгі Қытай философиясынан тапса керек. Ол бойынша:
Бас бармақ – ата-ананы;
Сұқ саусақ – бауырларды;
Ортаңғы – өзіңді;
Ал «шылдыр шүмек» немесе аты жоқ саусақ – өмірлік жарыңды;
Ал «кішкентай бөбек» немесе соңғы саусақ – ұрпағыңды білдіретін символ болса керек.
Ал оң қолдағы неке жүзігі иесінің ажырасқан немесе жесір екендігінен, сондай-ақ католик дініндегі адам екендігін білдіреді.
Жалпы, неке жүзігімен алмасу – христиан дініне тән рәсім. Ең алғаш XVI ғасырда Еуропада Тридент шіркеуі некелесудің басты шарты жүзік алмасу болуы туралы заң қабылдаған еді. Онда қалыңдыққа – алтын, күйеу жігітке күміс жүзік тағу рұқсат етілген еді.
Неке жүзігін неге тек сол қолдың «шылдыр шүмегіне» тағады?
Последние статьи автора