Найзағай соққысынан қалай сақтану керек?
Соңғы кездері үстіне найзағай түсіп, зардап шеккендер туралы жиі еститін болдық. Күн күркіреп, жасыл ойнап тұрған кезде қалай сақтану керек?
Алтын Смағұлова, Алматы қаласы
АҚШ ұлттық ауа райы қызметінің мәліметінше, жыл сайын Жер бетінде 16 млн найзағай ойнайды. Бұл – бір мезгілде ғаламшарымыздың 1800 тұсында жасыл түседі деген сөз. Найзағайлардың 25 миллионы орман өрттеріне, күшті дауылдарға, жанартаулардың атқылауы мен ядролық жарылыстарға себеп болады. Басқаны айтпағанда, күн күркіреп, жасылдың 40 шақырым жерден түсуі тұрғындарды жазым етіп жатады. АҚШ-та жыл сайын найзағай салдарынан 55 адам қайтыс болып, жүздеген адам жарақат алады екен. Қазақстанда биыл найзағай соққысынан ондаған адам зардап шегіп, төрт адам қайтыс болды. Қайғылы оқиға Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары мен Астанада тіркелді. Найзағай ойнап тұрған кезде жабық кеңістіктен сыртқа шықпаған жөн. Жалт ойнау басылғаннан кейін жарты сағаттан соң ғана ашық аспан астында жүруге болады. Үй ішінде жуынатын шұңғылшадан (раковина), ваннадан, дәретхана орнынан алысырақ отырған абзал. Ертеде қариялар найзағай ойнап тұрған кезде үйдегі айна, ыдыс-аяқ сияқты жылтыр дүниелердің бәрін шүберекпен жауып қоятын болған.