Мына адамдарға тұсау кескізуге болмайды!

Мына адамдарға тұсау кескізуге болмайды!

Тұсауды - жасы келген, науқас, жүрісі сылбыр кісілер, тұрмыс құрмаған қыз, үйленбеген жігіт КЕСПЕЙДІ!

 

Үлкен кісілер ала жіп байлап, батасын береді. Ұлдікін - ісі тындырымды ер-азамат, қыздікін қимылы ширақ келіншек кеседі. 

 

Тұсаудың ақ пен қара араласып есілген ала жібі баланың АЛДЫНАН тек ПЫШАҚПЕН кесіледі!

 

Қайшыда екі жүз бар, баланың қадамы ҚАЙШЫЛАНБАСЫН! 

 

Дүмшелерге еріп баланың артынан тұсау кесудің қажеті жоқ. Өйткені бала көткеншектеп артқа емес, АЛДЫҒА ЖҮРЕДІ! 

 

Бір баланың тұсауын үш адамның кескені де дұрыс емес.

 

Сондай-ақ қызылала-жасылала жіпті базардан сатып әкеп жаңалық ашуға құмар болмаңдар. 

 

АҚ ПЕН ҚАРА араласып есілген ала жіптің мәні - балам біреудің ала жібін аттап ҰРЫ боп шықпасын деген шолақ түсінікпен емес, өмірде қатар кездесетін жақсылық пен жамандықта, қуаныш пен қайғыға жасып қалмай, тасып кетпей тең өтсін деген ниетпен байланып кесіледі! 

 

Ақ пен қара - тіршіліктің символы!

 

Көрінгеннің көзіне түскен, көрінгеннің энергиясын жинаған қызылала, көкала, тіпті базардағы дайын ала жіптің өзіне жүгірмей, кешке дейін телефонға телмірмей, әжелері немерелеріне ала жіпті жақсы тілеу тілеп өзі есіп дайындағаны жөн.  Солай!

 

Орыс та, араб та, дүмше де болма, қолыңнан келсе, қазақ бол, ұрпағыңды ҚАЗАҚ ҚЫЛ!

 

 

 

Зейнеп Ахметова

 

 

 

, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста