Мұз бен қарда өтетін спорт түрлері қанша?
Менің білейін дегенім, қысқы Олимпиада бағдарламасына енген спорт түрлерінің қаншасы мұзда, қаншасы қарда ойналады?
Әділет ӘБІЛДАЕВ, Алматы қаласы
Сіздің сұрағыңызға жауап беру үшін, алдымен, қысқы олимпиада бағдарламасына көз жүгірттік. Жалпы, бүгінде қысқы спорт түрлерінің 15-і Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгенін көруге болады екен. Солардың ішінде сегізі мұз үстінде өтетін спорт түрлері болса, жетеуі қарда өтетін спорт түрлеріне жатады.
Мұзда өтетін олимпиадалық спорт түрлері:
1. Бобслей; 2. Скелетон; 3. Конькимен жүгіру; 4. Мәнерлеп сырғанау; 5. Шорт-трек; 6. Шана жарысы; 7. Шайбалы хоккей; 8. Керлинг.
Қарда өтетін олимпиадалық спорт түрлері:
1. Биатлон; 2. Тау шаңғысы; 3. Шаңғы қоссайысы; 4. Шаңғы жарысы; 5. Сноуборд; 6. Фристайл; 7. Шаңғымен тұғырдан секіру.
Сондай-ақ болашақта Олимпиада ойындарының бағдарламасына енуі мүмкін спорт түрлерінен допты хоккей мұзда, шаңғымен спорттық бағдарлаудың қарда өтетінін айта кету керек. Ал басқа да қысқы спорт түрлерінен спидрайдинг пен сноукайтинг мұзда, кайтселинг пен виндсерфинг қарда өтеді.