Әр діннің өзіне сай діни атақ-лауазымдары болатынын белгілі. Ислам дініндегі мансаптық атауларды білгім келеді.
Кеңесбек, Алматы қаласы
Ислам дініндегі діни лауазымдар мен атақтар мыналар: 1. Ахун (баулушы, ұстаз). Бұл лауазым XVIII ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ даласында кеңінен қолданылған. 2. Аятолла (Алланың белгісі, нышаны) шииттер үшін бұл ең жоғары рухани лауазым. 3. Дамолла (билеуші, мырза) мешіт пен медресе оқытушыларының діни лауазымы. 3. Қазы — мұсылмандық сот міндетін атқарушы, төреші. 4. Имам – мұсылман қауымының басшысы. 5. Муаззин – азан шақырушының лауазымы. 6. Муджтаһид – фиқһ (ислам құқығы) ғылымының білгірі. 7. Мухаддис – хадистерді терең зерттеген ғалым. 8. Мухтасиб – мұсылмандықтың моральдық нормаларын сақтаушы. 9. Мүрид – өз еркімен тариқат жолына түсуші шәкірт. 10. Пірәдар – дінге беріліп, дін жолын қуған сопы. 11. Қажы – қажылық парызын өтеген мұсылман. 12. Фақиһ – дін заңгері, Құран сөзінің білгірі. 13. Хакім, хаким – даулы мәселені шешетін тәуелсіз төреші.
Мұсылмандардың діни атақ-лауазымдары қандай?
Последние статьи автора