Мұрагерлік мүлік қалай бөлінеді?

Әжем қайтыс болды. Оның екі бөлмелі пәтері бар. Ол қайтыс болар алдында ешкімге өсиет қалдырмаған. Оның жалғыз баласы – менің әкем апамның алдында дүние салды. Қазір апамның пәтерін оның аға-інілері бөлісе алмай жүр. Заң бойынша апамның пәтері кімге өтуі тиіс?

Асқар, Кентау қаласы

Заң ғылымының докторы, профессор Арықбай Ағыбаевтың айтуынша, ҚР Азаматтық кодексінің 1060 бабына сәйкес, заң бойынша мұрагерлер осы кодексте көзделген кезек тәртібімен мұрагерлікке шақырылады екен. Ал Азаматтық кодекстің 1061 бабы бойынша мұрагер болу құқығын бірінші кезекте мұра қалдырушының балалары, оның ішінде ол қайтыс болғаннан кейін тірі туған балалары, сондай-ақ мұра қалдырушының жұбайы мен ата-анасы тең үлеспен алады. Осы баптың 2-бөлігіне сәйкес, заң бойынша бірінші кезек ретінде мұра қалдырушының немерелері мен олардың ұрпақтары ұсыну құқығы бойынша мұра алады.1061-баптың 2-бөлігінде белгіленген норма тек осы баптың 1-бөлігінде көрсетілген мұрагерлер мұра ашылғанға дейін немесе мұра қалдырушымен бір мезгілде қайтыс болған жағдайда ғана қолданылады. Яғни апаңыздың жұбайы, ата-анасы болмаса және жалғыз баласы оның алдында қайтыс болса, онда заң бойынша апаның мүлкі оның жалғыз баласының балаларына (немерелеріне) өтуі тиіс. Сондықтан егер сіз апаның жалғыз немересі болсаңыз, онда апаңыздың пәтері сізге өтеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста