Мұқағали қанша жасында үйленген? Естуімше, әйелінің жасы өзінен әлдеқайда үлкен көрінеді...
Айбек ЕРТУҒАН, Үшарал қаласы, Алматы облысы
Еңбекке ерте араласқан Мұқағали 16 жасында ауылдық кеңесте хатшы болып жүрген кезінде 19 жастағы мұғалима қызға бір көргеннен ғашық болады. Атының Ләсима екенін естіп, сұлу бойжеткенге ол атты лайық көрмейді. Сөйтіп, «бүгіннен бастап бұл қыздың аты Лашын болады» деп ұйғарады. Екеуі ауыл сахнасында бірі – Қозы Көрпеш, бірі Баян сұлу рөлінде ойнай жүріп, танысады. Ләсиманың «Мен сенің әпкең боламын. Босқа әуре болма» дегеніне құлақ аспаған Мұқағали «Анам Нағиман әкем Сүлейменнен екі жас үлкен екен. Ол аз десең, әжем Тиын да атам Мақатайдан екі-үш жас үлкен болған. Бұл тұқым қуалаған кие енді маған қоныпты. Оны ұстанбасам жолым болмайды. Бізді Жаратқан Алланың өзі қосып тұр» деп, қоярда-қоймай көндіріп, үйленген.
Лашын Мұқағалимен 27 жыл отасып, ол дүние салғаннан кейін 30 жыл өмір кешті. Жеке жинақтарын, таңдамалыларын айтпағанда, мүшелтой сайын жарық көрген 2, 3, 4 томдықтарын жаңа қолжазбаларымен толықтырып, құрастырып, Мұқағали шығармаларының қалың оқырманға жетуіне зор үлес қосты. Мұқағалидың «Ғасыр ақыны» атанғаны мен Мемлекеттік сыйлық алғанының куәсі болды.
Мұқағали қанша жасында үйленген?
Последние статьи автора