Миграция бойынша халықаралық ұйым немен айналысады?

Миграция бойынша халықаралық ұйым немен айналысады?

Қазақстан Миграция бойынша халықаралық ұйымға мүше-мемлекет болып санала ма? Бұ ұйым қашан құрылды  және мақсаты қандай?
Дариға НИЯЗОВА,
Батыс Қазақстан облысы
Миграция бойынша халықаралық ұйым (МХҰ) - [International Organisation for Migration] – 1951 жылы құрылған ха­лық­аралық үкіметаралық ұйым, штаб-пә­тері Женевада (Швейцария) ор­на­лас­қан. Алғашқыда Еуропадағы босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға кө­мек көрсету мақсатында құрылып, Еу­ро­па­дағы көші-қон мәселесі бойынша Үкі­мет­аралық комитет деп аталды. 1980 жы­лы оның қызметі Еуропаның ау­ма­ғы­нан кеңейген кезде көші- қон мә­се­ле­ле­рі бойынша Халықаралық ұйым аталды. Бұл ұйымның басты мақсаты – әр та­рап­тың мүддесіне сай миграцияны басқару, ел­дердің ерекше мұқтаждықтарын ес­ке­ре отырып халықтың реттелген көші-қо­нын қамтамасыз ету; заңсыз көші-қонды бол­дырмау; адам саудасына қарсы тұру, мем­лекеттердің экономикалық, әлеу­мет­тік және мәдени дамуы мақсатында бі­лік­ті адамдар ресурсын қайта бөлу; мәж­бүр­лі қоныс аударушыларды ұйым­дас­қан түр­де көшіру; үкіметтерге және үкіметтік емес ұйымдарға тәжірибе және ақпарат ал­масу мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету. Қазіргі кезде МХҰ-на 126 мемлекет мү­ше, 17 мемлекет бақылаушы дәре­же­сін­де және бүкіл әлем бойынша 100 мис­сия­сы жұмыс істейді. Қазақстан бұл ұйым­ға мүше-мемлекет болып табылады. МХҰ бюджеті мүше- мемлекеттердің жыл са­йынғы жарналарынан және қоғамдық ұйым­дардың ерікті және аймақтық жар­на­лардан құралады. Жалпы, МХҰ өз қыз­меті аясында шамамен 11 млн ми­грант­тарға көмек көрсетті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста