Мектеп қоймашысына сауықтыру жәрдемақысы төлене ме?

Мен мектеп асханасында қоймашы болып жұмыс істеймін. Осы орайда менің білгім келгені, қоймашыға жыл сайынғы еңбек демалысында берілетін сауықтыру жәрдемақысы төленуі керек пе?
Бикенже БЕКМЫРЗАЕВА,
Қарағанды облысы
Сарапшы маманның мәліметінше, ҚР Еңбек кодексінің 239-бабына сәйкес, мемлекеттiк бюд­жет есебiнен ұсталатын азаматтық қызмет­шiлерге лауазымдық жалақысы мөлшерiнде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтiзбелiк 30 күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берiледi. Кодекс­тің 1-бабында азаматтық қыз­метшi – Қазақстан Республикасының заңна­ма­сында бел­гi­ленген тәр­тiппен қазыналық кәсiп­орындарда, мемлекет­тiк мекемелерде ақылы штаттық ла­уазымда iстейтiн және олардың мiндеттерi мен функция­ларын iске асыру және мемлекеттiк ор­ган­дарға техни­­калық қызмет көр­сетудi жүзеге асы­ру мен олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатын­да лауа­зымдық өкiлет­тiктердi жүзеге асыратын адам деп белгіленген. Азаматтық қызметшілер лауазым­дарының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қыр­күйектегі №850 қаулысымен бекітілген. Тізбеге сәйкес, азаматтық қызметшілерге маман­дармен қатар, техникалық орындаушылар және Жұмыс­шылардың жұмыс­тары мен кәсіп­терінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтама­лығына (бұдан әрі – БТБА) сәйкес, еңбегі кәсіби даярлық пен арнайы білімді талап ететін білікті жұмысшылар кіреді. Қызмет салаларының бәріне ортақ және Жұмыс­тар мен кәсіптердің бірыңғай тарифтік – біліктілік анықтамасының (БТБА) басы­лымдарына енгізіл­меген жұмыс­шылар кәсіптерінің тарифтік – біліктілік сипат­тамалары Қазақстан Респуб­ликасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі­нің 2003 жылғы 28 маусымдағы №141-ө бұйры­ғымен бекітілген, оның ішінде білікті емес жұмысшыға жататын «қоймашы» (1-2 разряд диапазоны) кәсібіндегі жұмысшы да көрсетілген.Осының не­гізінде білік­ті емес жұмысшылар азаматтық қыз­меткерлерге жатпайды және осыған байла­нысты қолданыс­тағы заңнамаға сәйкес, аталған санат­тағы қызмет­кер­лерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығу кезінде берілетін сауықтыруға арналған жәрдемақы төленбейді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста