Мектеп инспекторының міндеті не?

Қазіргі кезде мектептерде оқушылардың тәртібін қадағалайтын арнайы инспекторлар жұмыс істейтінін білеміз. Бұл, негізінен, сол мектеп орналасқан аумақтағы учаскелік инспектордың міндетіне кірмей ме?

Нұрила Байсалқызы, Алматы облысы

Учаскелік инспектор өзіне бөлінген белгілі бір ауқымды жерді бақылайды. Ол тек мектепке ғана көңіл бөле алмайды. Сондықтан да еліміздегі білім мекемелерінде мектеп инспекторларының болуы заңды. Мектеп инспекторы әр оқушының жас ерекшелігі, ортасы мен отбасындағы жағдайын  ескеріп, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен, білім мекемелері орныққан аумақтағы  қоғамдық тәртіпті қорғаумен, сондай-ақ оқытушылармен, мектеп психологтарымен, оқу орнының әкімшілігімен бірлесіп жұмыс істеу арқылы мектепке қатысты түйінді мәселелерді дер кезінде шешуге ықпал жасауы керек. Ата-ана баланың отбасындағы тәртібін қадағаласа, мектеп инспекторы қоғамдағы тәртібін бақылауға алады.
Білім шаңырақтарында мектеп инспекторларының болуы кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға көп көмегін тигізеді.

Алайда мектеп инспекторы тәртіп бұзғандарға бірден жаза қолданбай, теріс әрекеттердің себептерін анықтағаны жөн. Әр баламен және олардың ата-аналарымен де жекеше жұмыс жүргізіп, оларға психологиялық-моральдық тұрғыдан кеңестер беріп, дұрыс жолға түсуіне мүмкіндік жасауы қажет.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста