Медициналық қызметкерлер демалыс және мейрам күндері тәуліктік кезекшілікке тұрғанда олардың жалақысы қалай есептелуі тиіс?
Жайнагүл ЕРКІНБЕКОВА, Жамбыл облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасының сарапшы маманының мәліметіне қарағанда, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 128-бабына сәйкес мереке және демалыс күндерiндегi жұмысқа қызметкердiң күндiк (сағаттық) ставкасы негiзге алына отырып, кемiнде екi есе мөлшерде ақы төлеу жүргiзiледi.
Ауысымдық жұмыс кезiнде қызметкерге барлық нақты жұмыс атқарған сағаттарына төлем жүргізіледі.
Егер қызметкердің ауысымы мереке күніне келсе, оған жоғарыда көрсетілген қосымша ақы төленеді.
Сонымен бірге үздiксiз өндiрiстерде немесе өндiрiстiк-техникалық жағдайлар бойынша немесе халыққа ұдайы үздiксiз қызмет ету қажеттiгi салдарынан демалыс күндерi жұмысты тоқтату мүмкiн болмайтын өндiрiстерде iстейтiн қызметкерлерге демалыс күндерi жұмыс берушiнiң қызметкерлер өкiлдерiмен келiсе отырып қабылданған актiлерiнде бекiтiлген ауысымдық кестеге сәйкес, қызметкерлерге аптаның әр күндерi кезекпен берiледi.
Осыған орай, қызметкердің ауысымы демалыс күнге (мысалы, сенбі, жексенбі) сәйкес келген жағдайда оған демалыс күні жұмыс атқарғаны үшін қосымша ақы төленбейді.
Қызметкердің сағаттық ставкасы оның лауазымдық жалақысын ағымдағы айдағы жұмыс сағаттарының санына бөлу арқылы айқындалады.
Сонымен бірге Денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлерiнiң кезекшiлiгiн ұйымдастыру және еңбекақы төлеу ережесi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 18 тамыздағы №652 бұйрығымен бекітілген.
Мейрам күндеріне жалақы қалай есептелінеді?
Последние статьи автора