Медиаторларға қойылатын талаптар қандай? Медиатор қызметі кәсіпкерлік болып табыла ма?
Нұрлан, Алматы облысы
Медиаторларға қойылатын талаптар арнайы заңда қарастырылған:
1. Тәуелсіз, бейтарап, істің нәтижесіне мүдделі емес, медиация тараптарының өзара келісімі бойынша таңдалған, медиаторлар тізіліміне қосылған және медиатордың функцияларын орындауға келісім берген жеке тұлға медиатор бола алады. 2. Медиатордың қызметі кәсіби негізде (кәсіпқой медиатор) және кәсіби емес негізде (қоғамдық медиатор) жүзеге асырылуы мүмкін. 3. 40 жасқа толған және кәсіпқой емес медиаторлар тізілімінде тұрған тұлғалар медиатор қызметін кәсіби емес негізде жүзеге асыра алады. 4. Жоғары білімі бар, 25 жасқа толған, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бекітілетін медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткенін растайтын құжаты (сертификаты) бар және кәсіпқой медиаторлар тізілімінде тұрған тұлғалар медиатор қызметін жүзеге асыра алады. 5. Медиатордың қызметі кәсіпкерлік қызмет болып табылмайды. 6. Медиатор қызметін жүзеге асыратын тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кез келген өзге қызметті де жүзеге асыруға құқылы. 7. Мыналар: 1) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті және оған теңестірілген; 2) заңда белгіленген тәртіппен сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған; 3) оған қатысты қылмыстық қудалау жүзеге асырылатын; 4) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам медиатор бола алмайды. 8. Медиация тараптарының келісімімен медиаторға қойылатын қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.
Медиатор қызметі кәсіпкерлік болып табыла ма?
Последние статьи автора