Махаббат формуласы қандай?
«Ғалымдар махаббат формуласын ойлап тауыпты» дегенді құлағым шалып қалды. Бұл шындық па, әлде қауесет пе? Шын болса, махаббат формуласы қандай екен?
Айбибі Асылмамбетова, Алматы қаласы
Британиядағы Варвик университетінің математигі махаббат формуласын ойлап тауыпты. Ғалым нағыз махаббат екінің біріне бұйыра бермейтінін дәлелдеген көрінеді.
31 жастағы Питер Бэйкус жер бетіндегі әрбір 285 адамның біреуі ғана өзінің шын махаббатын кездестіре алатынын есептеп шығыпты.
Ол өзінің «Неге менің құрбым жоқ» деп аталатын диссертациясында осындай жайларды дәлелдеді, деп жазады француздың «Вэн минют» басылымы.
П.Бэйкустың математикалық есептері астрофизик Фрэнк Дрейктің өткен ғасырдың 60-жылдары Галактикадағы қатты дамыған өркениеттер санын есептеуге мүмкіндік беретін теңдеуіне негізделген.
Маман өз формуласында 30 млн нәзік жандының ішінде тек 26 адам ғана өзінің шынайы махаббатын кездестіре алатынын дәлелдеген.