«Өмір қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы бойынша жоғары білім алып жатырмын. Келешекте мен еліміздің еңбекті қорғау немесе техникалық қауіпсіздік салаларында қызмет ете аламын ба?
Алтынбек Ертай, Ақтөбе облысы
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мамандарының мәліметінше, 2009 жылдың 20 наурызында сол кездегі Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің бұйрығымен бекітілген «ҚР жоғары және ЖОО-дан кейінгі білім беру мамандықтарының классификаторы» талаптарына сәйкес, «Өмір қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы жоғары техникалық білім санатына жатады. Сол себепті бұл мамандық бойынша білім алған жас еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау салаларында жұмыс істей алады.
Мамандығым еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік салаларына жарай ма?
Последние статьи автора